Облыстың өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлы және Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Тарлан» спорт мектебінің мамандарымен жүздесіп, діни түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жат ағымдардың негізгі белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және теріс діни идеологиядан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар діни сауаттылықты арттырудың, ақпаратты дұрыс діни дереккөздерден алудың және күмәнді діни насихаттан аулақ болудың маңыздылығы айтылды.
Имамдар спорт мектебінің ұстаздары мен мамандарын жастар тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, жасөспірімдер арасында дұрыс діни түсінікті қалыптастыруға атсалысуға шақырды.
Кездесу соңында мамандар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

