Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде облыстың өкіл имамы Асқар Зәкіржанұлы жұма намазын өткізіп, жамағатқа насихат айтты. Мәуліт айының қарсаңында өткен жұма уағызында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері және үмбетіне деген сүйіспеншілігі кеңінен баяндалды.
«Шүбәсіз, Алла Елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне үмітін артқан һәм Алланы көп еске алатындар үшін теңдессіз үлгі-өнеге бар», – деген («Ахзаб» сүресі, 21-аят).
Жұма намазына жиналған жамағат тағылымды уағыз тыңдап, намаз бір сап түзеді.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

