Семинардың ашылуында Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев сөз сөйлеп, арнайы шақырылған мамандарды таныстырды. Аталған шараға облыстық мешіттен келген білікті мамандар қатысып, имамдарға бірқатар бағыттар бойынша дәріс өткізді.
Атап айтқанда, ақида сабағы бойынша Әбдіқадыр Сейтқали мен Дархан Тастанбеков, ал фиқһ сабағы бойынша Бахтияр Амиреев пен Жарбол Ақжігіт дәріс жүргізді. Сонымен қатар, семинар барысында имамдарға діни салаға қатысты «Концептуалды құжаттар» таныстырылып, олардың мазмұны мен маңызы түсіндірілді.
Екі күнге созылған семинарға Шу ауданы бойынша 30 имам қатысты. Дәрістер барысында қатысушылар өз білімдерін толықтырып, діни мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында өткізілген сабақтардың қорытындысы шығарылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Аталған семинар имамдардың кәсіби және діни білімін жетілдіруге, тәжірибесін арттыруға бағытталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

