#Шу: Шу ауданындағы имамдарға арналған жиын өтті

#Шу: Шу ауданындағы имамдарға арналған жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде облыстық өкіл имам Асқар Зәкіржанұлының қатысуымен аудан имамдарына арналған жиын өтті.

Кездесу барысында аудан аумағында атқарылып жатқан діни жұмыстардың барысы сараланып, ауылдық жерлердегі діни ахуал мен жамағатпен жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар имамның қоғамдағы қызметі, уағыз жүргізу әдебі, жамағатпен қарым-қатынас мәдениеті және имамдардың киім үлгісіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Жиын барысында имамдардың қызмет сапасын арттыру, діни насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу және мешіт қызметін жетілдіру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Шара соңында оқу-танымдық жұмыстарға белсенді қатысқан имамдарға арнайы сертификаттар табысталып, алдағы қызметтеріне сәттілік тілектер айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: