Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде жамағатқа тағылымы мол уағыз жүргізілді. Аталған шараға арнайы «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақтияр Әмреев келіп, жамағатпен жүздесіп, рухани насихат айтты.
Уағыз барысында имандылық пен тақуалықтың адам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Алланың разылығын мақсат етіп жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы, көркем мінез бен жақсы іс жасауға ұмтылудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында жамағат өздеріне қажетті рухани тәлім алып, уағыздан тағылым түйді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

