«Кәрібай молда» мешітінде әйелдер мен қыздар жамағатына арналған «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Амиреев Бақтияр өткізді. Іс-шара барысында отбасының қоғамдағы маңызы, әйелдің отбасындағы орны мен жауапкершілігі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық және бала тәрбиесі жөнінде тағылымды пікірлер айтылды.
Қатысушыларға отбасылық құндылықтарды сақтау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету және шаңырақтағы береке мен бірлікті нығайтудың маңызы түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



23 Қазан 2026
11 Джумада-авваль 1448

