Шу ауданында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылуда.
Ақтөбе ауылының жастарының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 4 отбасыға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды. Қайырымдылыққа жұмсалған қаражат көлемі 450 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар Тоғай мешітінде 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар берілді.
Аталған игі шаралардың мақсаты – балалардың жаңа оқу жылына алаңсыз әрі толық дайындалуына жағдай жасау және мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету. Жақсылық жасауға бағытталған осындай бастамалар қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықтың нығаюына ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

