Шу ауданындағы ауылдық мешіттерде күзгі тазалық маусымына байланысты мешіт аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары барысында мешіттердің ішкі және сыртқы аумақтары толық тазаланып, аулалардағы қураған және өскен шөптер шабылып, ретке келтірілді. Сондай-ақ мешіт айналасындағы қоршаулар жаңартылып, сырлау және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – мешіт аумағын таза әрі көрікті ұстау, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және тазалық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыстарға мешіт қызметкерлері, жамағат және ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

