Мәуліт мерекесінің құрметіне «Меркі ата» мешітінің асханасында жастарға арнайы дастарқан жайылып, тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Игі шара барысында аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы насихат айтып, жастарды имандылыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге, ата-анаға құрметпен қарауға және қоғамға пайдалы азамат болуға үндеді.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Алланың Елшісінде сендер үшін көркем өнеге бар» - деп баяндайды. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен көркем мінезді кемеліне жеткізу үшін жіберілдім» деген.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

