Мәуліт айының құрметіне жайылған дастархан басында жастар арасында діни-танымдық сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Ойын барысында жастарға 40 парыз, Құран Кәрім, дәстүр және Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты түрлі сұрақтар қойылды.
Жастар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беріп белсенді қатысқан жастарға сыйлықтар табысталды. Шара барысында шәкірттер діни білімдерін толықтырып, пайдалы мағлұматтар алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

