Меркі: Меркі ауданында шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Меркі: Меркі ауданында шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде  мешітаралық шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы ұйымдастырылып, рухани-танымдық шара жоғары деңгейде өтті. Игі шараның негізгі мақсаты – жас шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, жаттаған сүрелерін пысықтау және діни білімге деген ынтасын қолдау.

Жарысқа ауданымыздағы мешіттерде білім алып жүрген шәкірттер қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар Құран сүрелерін жатқа оқып, тәжуид ережелерін дұрыс қолдану және оқу мәнері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренген және оны өзгелерге үйреткендерің» деген.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып,қаржылай сыйлық табысталды.

Құранды жаттау – үлкен еңбек пен табандылықты талап ететін сауапты амал. Осындай жарыстар шәкірттерді ізденуге, Құранды тұрақты түрде оқып, жаттағанын бекемдеуге ынталандырары сөзсіз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: