Меркі: Меркі ауданында имамдар жиналысы өтті

Меркі: Меркі ауданында имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауданға қарасты имамдарға жиналыс өткізді.

Басқосуда аудан мешіттерінде атқарылып жатқан діни-ағартушылық және қоғамдық жұмыстардың барысы талқыланды. Жиын барысында жамағатпен жұмыс жүргізу, жастардың діни сауатын арттыру, мешіт шәкірттеріне білім беру, қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және түрлі рухани іс-шараларды өткізу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар талқыланып, бас имам Дәуіт Сейітқалиұлы имамдарға бірқатар тапсырмалар берді. Мешіт қызметін жандандыру, жамағатпен тығыз байланыс орнату және елдің бірлігі мен ынтымағын нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі айтылды.

Жиын соңында имамдарға өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, халыққа діни тұрғыда дұрыс бағыт-бағдар беріп, ел игілігі жолында бірлесе қызмет ету жөнінде насихат айтылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: