Талас: «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Талас: «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық Қаратау қажы би мешітінде балаларға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы өтті.

Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және «Ризық-Мүбәрак» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 оқушыға сыйлықтар табысталды. Оқушыларға тарту етілген мектеп сөмкелері жай ғана сөмке емес, жаңа оқу жылына қажет құрал-жабдықтардың барлығымен толықтырылды. Бұл – ата-аналардың мектепке дайындық барысындағы жүгін жеңілдетіп, балалардың оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына жасалған қолдау.

Іс-шара барысында ізгі ниет пен қамқорлықтың маңызы айтылып, балаларға жаңа оқу жылында жақсы білім алып, биік белестерді бағындыруға тілектер білдірілді. Бір балаға жасалған жақсылық – бір отбасының қуанышы. Осындай игі бастамалардың жүзеге асуы қоғамдағы жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын айқындай түседі.

Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: