Қордай: Аудан бас имамы Құран қариларын дайындау орталығының құрылысымен танысты

Қордай: Аудан бас имамы Құран қариларын дайындау орталығының құрылысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылына арнайы барып, «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында орталықтың құрылыс барысы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Құран жаттап, діни білім алатын шәкірттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бой көтеріп жатқан жаңа нысанның маңызы атап өтілді.

Аудан бас имамы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүргізілуіне назар аударып, орталықтың ел игілігіне қызмет ететін маңызды рухани білім ордасына айналуына тілектестігін білдірді. Баршамызға пайдалы білім, ізгі амал нәсіп етсін Аллаһым!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: