Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа салафи-уахабилік діни ағымының ислам әлеміне тигізген зарары туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мешіттің наиб имамы Ұзақов Азамат салафи-уахабилік бағыттың қалыптасуы, діни ұстанымдары және ислам әлеміне тигізген кері әсері жөнінде сөз қозғады.
Діни сауаттың төмендігі адамның әртүрлі радикалды көзқарастардың ықпалына түсуіне жол ашуы мүмкін. Осыған байланысты дін мәселесінде дұрыс білім алып, сенімді дереккөздерге жүгінудің маңызы зор. Ислам дінінің негізгі құндылықтары бейбітшілікке, ізгілікке, бауырмалдыққа және өзара құрметке үндейді.
Ал діни ұғымдарды бұрмалап, қоғам мүшелерін бір-біріне қарсы қоюға бағытталған көзқарастар елдің бірлігі мен тұрақтылығына кері әсер етеді. Жамағатқа жастардың діни сауатын арттыру, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттарға сақтықпен қарау және жат идеологиялық ағымдардың ықпалына түспеудің маңызы түсіндірілді.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

