Талас: Ауыл кәсіпкерлері "халал" бағытқа бет бұрды

Талас: Ауыл кәсіпкерлері "халал" бағытқа бет бұрды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ізгі бастамасымен Сәду Шәкіров ауылында дін мен кәсіпті ұштастырған тағылымды бастама жүзеге асты. Ауылдағы бірнеше кәсіпкер өздерінің тамақтану орындарында арақ-шарап сатудан толықтай бас тартып, кәсібін халал бағытқа көшіруге шешім қабылдады.

Атап айтқанда, «Family Food» тамақтану орны мен «Катана» кафесі аталған бастаманы қолдап, алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатты. Имам кәсіп иелерімен кездесіп, адал кәсіп жүргізудің, қоғамға пайдалы қызмет етудің және отбасы мен өскелең ұрпаққа өнегелі орта қалыптастырудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Ізгі бастама аясында имам Оспанов Бақдәулет кәсіпкерлерге Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмір жолы мен өнегесін баяндайтын «Адамзаттың асыл тәжі» кітабын табыс етті.

Кітапты сыйға тарту арқылы кәсіпкерлерге ізгілік, адалдық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау көзделді. Мұндай бастамалар ауылдағы рухани ортаның нығаюына, салауатты әрі өнегелі қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз. Ауыл кәсіпкерлерінің бұл қадамы – қоғам игілігі жолындағы жауапкершіліктің және ізгі өзгерістерге деген ниеттің жарқын көрінісі.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: