Талас: Жат діни ағымдардан сақтану – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Талас: Жат діни ағымдардан сақтану – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Үшарал ауылындағы "Абдулла Ишан" мешітінде «жат діни ағымдардан сақтану – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесуде Қыдырбай Көпбосынұлы діни сауаттылықтың маңызына тоқталып, жат әрі деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде кеңінен түсіндірді. Діни білімнің жеткіліксіздігі адамның теріс діни идеологияларға алданып қалуына себеп болуы мүмкін екені айтылды. Осы ретте дінге қатысты ақпаратты сенімді дереккөздерден алу, күмәнді діни насихатқа ермеу және әлеуметтік желілердегі мәліметтерді саралап қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ жастардың діни сауатын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау мәселелеріне назар аударылды. Кездесу соңында жат діни ағымдардың ықпалына түспеудің маңызды жолы – діни сауаттылықты арттырып, кез келген ақпаратты сыни тұрғыдан саралай білу екені түсіндірілді.

"Абдулла Ишан" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: