Ақкөл ауылындағы Ақкөл мешітінде «Жетімге қамқорлық – халқымыздың асыл дәстүрі» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Мешіт имамы Амиров Камаладдин ағамыз өз сөзінде жетімге қамқорлық жасаудың асыл дініміздегі және халқымыздың дәстүріндегі маңызына тоқталды.
Қазақ халқы ежелден жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпаған ел ретінде белгілі. Жетім қалған баланы бауырына басып, тәрбиесіне көңіл бөлу, оның ешкімнен кем болмауына жағдай жасау – ата-бабамыздан жалғасқан ізгі дәстүрдің бірі. Жетімнің көңілін қалдырмай, оған мейірім таныту, тұрмыстық қажеттілігіне жәрдемдесу – үлкен сауапты іс екені түсіндірілді.
Имам қоғамдағы әрбір азаматты мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, жетім балаларға жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға шақырды. Мұндай ізгі амалдардың ұрпақ тәрбиесінде де маңызы зор екені атап өтілді. Тағылымды уағыз барысында дініміздегі мейірімділік пен қайырымдылық ұстанымдарының халқымыздың дәстүрімен сабақтасып жатқаны кеңінен насихатталды.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

