Талас: «Таблиғи жамағаты» діни ағымы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

Талас: «Таблиғи жамағаты» діни ағымы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Маржангүл ана мешітінде жамағатқа «Таблиғи жамағаты діни ағымы» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мешіт имамы Үкібаев Ғазиз кездесуде аталған діни ағымның ерекшеліктері мен ұстанымдарына тоқталып, діни мәселелерде сауатты әрі дұрыс ақпарат алудың маңызын түсіндірді. Әңгіме барысында азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, күмәнді діни ақпараттарға сақтықпен қарау және дін мәселесінде білікті мамандардың кеңесіне жүгіну қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ жамағатқа қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және діни фанатизмнің алдын алу жөнінде түсінік берілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты.

"Маржангүл ана" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: