Талас: "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" мәселелері талқыланды

Талас: "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" мәселелері талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тамды ауылдық мәдениет үйінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы. Дін және мәдениет. Қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге имам Нұрбол Мырзаханұлы қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда діннің адамды ізгілікке, бейбітшілікке және өзара құрметке үндейтіні айтылып, діни ұғымдарды бұрмалап, қоғамның тыныштығына іріткі салатын жат идеологиялардан сақ болудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар дін мен мәдениеттің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі маңызы талқыланды. Қатысушылар діни сауаттылықты арттыру мен жастар арасында теріс діни идеологиялардың алдын алудың өзекті мәселелерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді. Жастарды елдің салт-дәстүрін құрметтеуге, діни білімді дұрыс әрі сенімді дереккөздерден алуға шақырды. Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: