Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа «дін мен дәстүр» кітабы таныстырылды. Мешіт имамы Абатов Дәурен кітаптың мазмұнына тоқталып, ондағы дін мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығы жайындағы құнды мәліметтерді жамағат назарына ұсынды.
Кездесу барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен діни құндылықтарының өзара байланысы сөз болды. Имам ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәнін дұрыс түсініп, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар кітапта қамтылған тақырыптардың дін мен дәстүрді тереңірек түсінуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастардың рухани сауатын арттыруға ықпал ететіні айтылды. Кездесу соңында жамағат кітаптың мазмұнымен танысып, дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде өзара пікір алмасты.
"Тұңғатар ата" мешіті баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

