Талас: Қазақ дәстүріндегі исламның көрінісі

Талас: Қазақ дәстүріндегі исламның көрінісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Әбдібай ата" мешітінде қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық болмысына қатысты тағылымды уағыз айтылды. Басқосуда «Қазақ дәстүріндегі исламның көрінісі» тақырыбы қозғалды.

Мешіт имамы Омаров Абай халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасында ислам құндылықтарының өзіндік орны бар екенін түсіндірді. Қазақтың ізеттілік, үлкенді құрметтеу, жетім-жесірге қамқор болу, ағайынмен арадағы татулықты сақтау сияқты дәстүрлері имандылық ұғымдарымен үндесетіні айтылды. Ұлттық тәрбие мен діни құндылықтардың сабақтастығы – ұрпаққа өнеге берудің маңызды тетігі.

Осы ретте атадан балаға жалғасқан жақсы әдеттерді сақтап, олардың мәнін жас буынға дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше екені атап өтілді. Дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қоймай, олардың қоғамдағы тәрбиелік мәнін дұрыс түсіну қажеттігіне назар аударылды. Жастарды ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ата салтын ардақтап, ізгілік пен адамгершілікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.

"Әбдібай ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: