Талас: "Дін және жастар" тақырыбында рухани құндылықтар талқыланды

Талас: "Дін және жастар" тақырыбында рухани құндылықтар талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамды ауылдық кітапханасында «дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ауыл жастары қатысып, діннің жастар тәрбиесіндегі орны мен рухани құндылықтар жайында пікір алмасты. Іс-шара барысында имам Нұрбол Мырзаханұлы жастарға діни сауаттылықтың маңызын түсіндіріп, дін мәселесінде дұрыс ақпарат пен сенімді дереккөздерге сүйенудің қажеттігін атап өтті.

Кездесуде жастардың рухани тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, үлкенді құрметтеу және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жастарға әлеуметтік желілердегі діни ақпараттарды талғаммен қабылдап, күмәнді әрі деструктивті діни насихаттан сақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, дін мен жастар тақырыбында еркін пікір алмасты. Жиын жастардың діни сауатын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

"Тәңкібай ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: