Қасқабұлақ ауылында Әбілхан қажы мешітінің имамы тұрғындарға «діни білімсіздік – діни фанатизмге апарар жол» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Уағызды мешіт имамы Асанов Хеурза жүргізіп, діни сауаттылықтың маңызына тоқталды. Кездесу барысында діни білімнің жеткіліксіздігі адамның дін туралы түсінігін бұрмалап, оны теріс идеологиялар мен жат діни ағымдардың ықпалына түсіруі мүмкін екені түсіндірілді.
Херуза имам діни мәселелерді әлеуметтік желідегі немесе кездейсоқ ақпарат көздерінен емес, сенімді әрі білікті дін мамандарынан үйренудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе жастардың діни сауатын арттыру – түрлі теріс ағымдардың алдын алудың маңызды тетігі екені айтылды. Сонымен қатар діни фанатизмнің адам санасына кері әсері, оның қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікке қауіп төндіруі мүмкін екені сөз болды.
Жамағатты діни білімді арттыруға, кез келген діни ақпаратты саралап қабылдауға және күмәнді діни насихаттан сақ болуға шақырды. Тағылымды уағыз барысында дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіну мен діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
"Әбілхан қажы" мешіті баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

