Аққұм ауылындағы "Тұңғатар ата" мешітінде «Дін мен дәстүрдегі әділеттіліктің орны» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Мешіт имамы Абатов Дәурен уағыз барысында әділеттіліктің діндегі және ұлттық дәстүрдегі маңызына кеңінен тоқталды.
Әділдік – адамзат баласына ортақ асыл құндылықтардың бірі. Ислам дінінде де әділеттілікке ерекше мән беріліп, әрбір адамның өзіне, отбасына, айналасына және қоғамға қатысты әділ болуы насихатталады. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрінде де үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ел ішінде татулық пен бірлікті сақтау, дау-дамайды әділ шешу секілді өнегелі ұстанымдар қалыптасқан.
Бұл құндылықтардың барлығы ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Дін мен дәстүр сабақтастығы арқылы әділеттілік қағидаларын күнделікті өмірде ұстанудың маңыздылығы айтылды. Сөз соңында, жамағатты өзара сыйластықты сақтап, әр істе адалдық пен әділдікті басшылыққа алуға шақырды.
"Тұңғатар ата" мешіті баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

