#Шу: Отбасы құндылығы – берекелі шаңырақтың негізі

#Шу: Отбасы құндылығы – берекелі шаңырақтың негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің жанындағы Отбасы кеңес беру орталығында отбасылық мәселелер бойынша келген ерлі-зайыптыларға кеңес беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында бас имамы Алмас Кенжемолдаев жұбайлардың өзара түсіністігі мен сыйластығы, отбасындағы жауапкершілік және шаңырақтың берекесін сақтаудың маңызы жөнінде тағылымды кеңестерін айтты.

Сонымен қатар, имам отбасы құндылықтарын дәріптеп, ерлі-зайыптылар арасындағы сабыр, кешірім, мейірімділік пен өзара құрметтің маңызына тоқталды. Кеңес барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен отбасыға қатысты мысалдар келтіріліп, оның жұбайларына көрсеткен мейірімі мен көркем мінезі үлгі ретінде жеткізілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: