«Амангелді» мешітінде білім алудың маңызы мен пайдасына арналған тағылымды уағыз айтылды. Мешіт имамы Әбубәкір Абдрайымов жамағатқа білімнің адам өміріндегі орны мен оның тұлғаның рухани және қоғамдық дәрежесін көтерудегі маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Имам өз уағызында Құран аяттары мен ғалымдардың өнегелі сөздеріне тоқталып, білім іздеудің мұсылман үшін үлкен құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ Ибн Масғудтан (Алла оған разы болсын) жеткен сөзді келтірді:
«Алла Тағала білім иелерін мақтаған».
Бұдан бөлек, білімнің адамды биік дәрежеге көтеретінін айтып: «Білім қарапайым адамның дәрежесін ел басқарған патшадан да жоғары көтереді», – деді.
Уағыз соңында жастарды уақытты тиімді пайдаланып, пайдалы білім алуға, ізденуге және алған білімін ел игілігіне жұмсауға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

