«Жәми» мешітінде жамағатқа арнап дастархан жайылып, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесіне арналған Мәуліт оқылды.
Кеш барысында ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеті мен өнегелі өмірі жайында тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ мұсылман баласын жақсы мінезге, имандылыққа, бауырмалдық пен мейірімділікке үндейтін құндылықтарға тоқталды.
Іс-шара соңында жамағатқа береке-бірлік, отбасыларына амандық тілеп, игі дұғалар жасалды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

