Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округіндегі «Құлый баба» мешітінде жамағатқа рухани-танымдық уағыз-насихат айтылды.
Насихат барысында мешіт молдасы Бақытжан Айбатбекұлы «Жүрек дерттері» тақырыбын негізге алып, адам жүрегіне кері әсер ететін түрлі рухани дерттер, олардың алдын алу және жүректі иман, ізгі амалдар арқылы тазартудың маңызы жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар жамағатты көркем мінезге, сабырлылыққа, шүкіршілікке және жүрек тазалығына мән беруге шақырды. Уағыз соңында жамағатқа рухани кемелдікке ұмтылып, жақсы амалдарды көбейту жөнінде тағылымды кеңестер айтылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

