Жуалы: «Тасбастау» мешітінде тағылымды насихат айтылды.

Жуалы: «Тасбастау» мешітінде тағылымды насихат айтылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Кәріқорған ауылдық округіндегі «Тасбастау» мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.

Жиын барысында мешіт молдасы Әуезхан Мамышұлы қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 40-аятын негізге алып, намаздың маңызы, құлшылыққа деген ықылас және ұрпақ тәрбиесіндегі дұғаның орны туралы тағылымды уағыз жүргізді.

Насихат соңында жамағатты бес уақыт намазды уақытылы орындауға, имандылықты берік ұстануға және ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: