Жуалы ауданына қарасты бірқатар мешіттерде айналаны көркейту мен тазалықты сақтауға бағытталған сенбіліктер ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, «Ақтөбе» мешітінің молдасы Бақытжан Асқарұлы ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ғимараттың сыртқы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Көкбастау ауылдық округіндегі «Мырзахмет ата» мешітінде де ауыл жамағаты белсенділік танытып, айналаны ретке келтірді. Ал Күреңбел ауылдық мешітіндегі абаттандыру шараларына жергілікті әкімшілік тарапынан қоғамдық жұмысшылар тартылды.
Сенбіліктер барысында мешіттердің айналасындағы өсіп кеткен шөптер шабылып, аумақтар толықтай тазартылды. Бұл игі шаралардың басты мақсаты – мешіт маңайын көркейтіп, тазалық пен ұқыптылықты қалыптастыру және келуші жамағатқа қолайлы жағдай жасау.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



24 Тамыз 2026
10 Раби-авваль 1448

