Жуалы: "Шақпақата" мешітінде бесін насихаты өтті

Жуалы: "Шақпақата" мешітінде бесін насихаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Шақпақ ауылдық округіндегі «Шақпақата» мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.

Жиын барысында мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 43-аятын негізге алып, жамағатқа тағылымды уағыз жүргізді.

Насихат барысында Қиямет күнінің ақиқаты, адамдардың сол күні есепке тартылуы және дүниеде жасалған әрбір амалдың жауапсыз қалмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар мұсылман баласына ақыретке дайындықты бүгіннен бастап, уақытты тиімді пайдаланып, ізгі амалдарды көбейту қажеттігі түсіндірілді.

Молда жамағатты Алла Тағалаға деген сенімді күшейтуге, намазға және құлшылыққа жауапкершілікпен қарауға, жақсы амал жасауға шақырды.

Жиын соңында жамағатқа пайдалы діни мағлұматтар беріліп, насихаттың тәрбиелік мәні атап өтілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: