Қордай: «Бұлар батыр иман» мешітінде жұма уағызы өткізілді

Қордай: «Бұлар батыр иман» мешітінде жұма уағызы өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының Шығыс аймағына жауапты ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр иман» мешітінде жамағатқа жұма уағызын жүргізді. Жұма уағызы «Қанағат – рақым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» тақырыбына арналды.

Уағыз барысында қанағат пен рақымның адам бойындағы көркем қасиеттер екені кеңінен түсіндірілді. Адамның барға шүкір етіп, жоққа сабыр қылуы, өзгеге мейірімділік танытып, мұқтаж жанға қол ұшын беруі – имандылықтың көрінісі екені айтылды. Сонымен қатар ұстаз Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» атты бес асыл істің адам өміріндегі маңызына тоқталды.

Талаптың адамды ізденіске жетелейтіні, еңбектің берекеге бастайтыны, терең ойдың дұрыс шешім қабылдауға ықпал ететіні, қанағаттың нәпсіні тыйып, шүкіршілікке тәрбиелейтіні және рақымның адамды мейірімділікке үндейтіні түсіндірілді. Уағыз соңында жамағатты бес асыл істі өмірлік ұстаным етіп, имандылық пен адамгершілікті қатар алып жүруге, отбасы мен қоғамға пайдасын тигізетін ізгі амалдар жасауға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: