Қордай: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне зиярат жасалды

Қордай: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне зиярат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданынан рухани-танымдық сапарға шыққан шәкірттер «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен және шәкірттерге жасалған жағдаймен танысып қайтты.

Сапар барысында шәкірттер медресе-колледжіндегі оқу үдерісі, білім алушыларға жасалған мүмкіндіктер және діни білім беру бағытындағы жұмыстар жөнінде мағлұмат алды. Сонымен қатар, медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттердің күнделікті оқуымен танысып, ұстаздармен пікір алмасты.

Кездесу барысында діни білім алудың маңызы, ізденіс пен талапшылдық, ұстазға құрмет көрсету және алған білімді ел игілігіне жұмсау жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды. Бұл сапар Қордай ауданынан шыққан шәкірттер үшін медресе-колледждің оқу ортасымен танысып, білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: