Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар» мешітінде жамағатқа «Қанағат – рақым ойлап қой, бес асыл іс білсеңіз» тақырыбында жұма уағызы айтылды. Жұма уағызын Масаншы аймағына жауапты маман Бекзат Жұмабайұлы жүргізді.
Уағыз барысында қанағат пен рақымның адам бойындағы ізгі қасиеттер екені кеңінен түсіндірілді. Адамның қолындағы нығметке шүкір етіп, барға қанағат қылуы, қиындыққа сабыр танытып, айналасына мейірім мен рақым көрсетуі – мұсылманның көркем мінезінің белгісі екені айтылды. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» атты бес асыл істің мән-маңызына тоқталды.
Талап пен еңбек адамды алға жетелесе, терең ой дұрыс шешім қабылдауға, қанағат шүкіршілікке, ал рақым мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелейтіні айтылды. Жамағатты осы асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, отбасында, қоғамда ізгілік пен мейірімділікті арттыруға шақырды. Алла жасаған дұға тілектерімізді қабыл етіп, өзін шынайы тануды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

