Қордай: Шәкірттер «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің кітапханасымен танысты

Қордай: Шәкірттер «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің кітапханасымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданынан «Дарқан дала» жобасы аясында рухани-танымдық сапарға шыққан шәкірттер «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің кітапханасына арнайы барып, кітапхана қорымен танысты.

Сапар барысында шәкірттер кітапхананың тарихы, рухани-ағартушылық бағыттағы қызметі және ондағы құнды еңбектер жөнінде мағлұмат алды. Сонымен қатар, кітапхана қорында сақталған тарихи жәдігерлерді тамашалап, олардың маңызы мен тарихына қатысты мәліметтермен танысты. Шәкірттерге діни және рухани білім алуда кітап оқудың, ізденудің және тарихи мұраны зерделеудің маңызы түсіндірілді.

Кездесу барысында жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу бағытында тағылымды әңгімелер айтылды. «Дарқан дала» жобасы аясындағы бұл сапар шәкірттердің тарихи-рухани мұрамен жақынырақ танысып, білімге деген ынтасын арттыруға мүмкіндік берді. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, қабыл болатын дұға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: