Қордай ауданынан рухани-танымдық сапарға шыққан аудан түлектері облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне арнайы зиярат жасады. Сапар барысында шәкірттер мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт ұжымымен және басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында мешіттің діни-ағартушылық бағыттағы атқарып жатқан жұмыстары, жамағатпен жүргізілетін рухани іс-шаралар және жастарға беріліп жатқан тәлім-тәрбие жөнінде мағлұматтар айтылды. Кездесу барысында аудан түлектеріне мешіттің тарихы мен бүгінгі қызметі таныстырылып, діни білім мен рухани тәрбие мәселелері бойынша тағылымды әңгіме өрбіді. Шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мешіт ұжымымен пікір алмасты.
Рухани сапар барысында мешіттің құндылықтары мен қызметінің маңызына қатысты пайдалы мәліметтер алды. Осындай тағылымды кездесулер жастардың рухани білімін арттырып, мешітке деген құрметін қалыптастыруға және ізгілікке үндейтін құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

