Қордай ауданынан «Дарқан дала» жобасы аясында рухани-танымдық сапарға шыққан сапаршылар тарихи-рухани орындардың бірі – «Дулат баба» кесенесіне арнайы барып, зиярат етті.
Сапар барысында жамағат кесененің тарихымен танысып, бабалардан қалған рухани мұраның маңызы жөнінде тағылымды мәліметтер алды. Сондай-ақ, халқымыздың тарихы мен дәстүрін дәріптейтін киелі орындарды қадірлеу, ата-баба мұрасын ұлықтау және кейінгі ұрпаққа өнеге ету жайында ой бөлісті.
Кесене басында баба рухына Құран бағышталып, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды. «Дарқан дала» жобасы аясындағы мұндай сапарлар жамағаттың тарихи-рухани мұраға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

