Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Қордай ауылдық» мешітінің азаншысы Бекзат Жұмабайұлының ұйымдастыруымен, мешіт жамағатының атсалысуымен Мәуліт айы қарсаңында «Қарттар үйіне» зиярат жасалды. Іс-шараның мақсаты – үлкендерге құрмет көрсету, қарттарға көңіл бөліп, ізгілік пен мейірімділікті насихаттау.
Зиярат барысында мешіт жамағаты қарттармен жүздесіп, жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын алды. Сонымен қатар, Мәуліт айының мән-маңызы мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі, көркем мінезі және адамдарға деген мейірімділігі жайында тағылымды әңгімелер айтылды.
Қарияларға сый-сияпат көрсетіліп, көңілдеріне қуаныш сыйлайтын игі іс атқарылды. Мұндай қайырымды шаралар қоғамдағы өзара сыйластық пен жанашырлықты арттырып, жастарға үлкенді құрметтеу, мұқтаж жанға қолдау көрсету сынды ізгі қасиеттерді насихаттауға бағытталған. Іс-шара соңында қарттар ақ баталарын беріп, мешіт жамағатына ризашылықтарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

