«Достық» мешітінің имамы Пирназаров Бауыржан жамағатқа «Фатиха» сүресінің соңғы аяттарының мағынасы мен тағылымын түсіндіріп, мазмұнына кеңінен тоқталды.
Насихат барысында «Бізді тура жолға сала гөр. Нығметке бөлеген құлдарыңның жолына, қаһарға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес» деген дұғаның мәні түсіндірілді. Имам бұл аяттарда мұсылманның Алладан үнемі тура жолды сұрап, ақиқат жолынан таймауға ұмтылуы керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, тура жолдың тек сөзбен емес, дұрыс сенім, ізгі амал, көркем мінез және шариғат талаптарын орындау арқылы жүзеге асатыны айтылды. Жамағатқа әр намазда қайталанатын бұл аяттардың адам өміріндегі тәрбиелік мәні түсіндірілді.
Имам насихат соңында жамағатты тура жолда берік болуға, Алланың нығметіне шүкір етуге және адасушылықтан сақтануға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

