Меркі: Қайырымдылық көмек көрсетілді

Меркі: Қайырымдылық көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәтті мешіт имамы мен жамағатының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді. Көмекке қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, отбасыларға қолдау көрсетілді.

Қайырымдылық – Ислам дініндегі сауапты амалдардың бірі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Жақсылықтан не жұмсасаңдар да, Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 273-аят) деп баяндайды.

Осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттырып, мұқтаж жандарға демеу болуға ықпал етеді. Қайырымдылыққа атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: