«Ботбай баба» мешітінің ұжымы мен жамағаты шәкірттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шәкірттерді бассейнге апарып,арнайы демалыс ұйымдастырды. Шәкірттер суға түсіп, сергіп, өзара көңілді уақыт өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – шәкірттердің денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар, мешіттегі білім алу барысын түрлі пайдалы әрі тәрбиелік шаралармен ұштастыру.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күшті мүмін әлсіз мүміннен жақсы әрі Аллаға сүйіктірек» - деген. Сондықтан жастардың денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдануына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі.
Шәкірттердің осындай тәрбиелік және спорттық шараларға белсенді қатысуы олардың дені сау, сергек әрі ұйымшыл болып қалыптасуына ықпал етеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

