Меркі: «Ихсан» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: «Ихсан» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жарас ата» мешітінің имамы жамағатқа «Ихсан» тақырыбында тағылымды насихат айтып, ихсан ұғымының мәні мен мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды.

Насихат барысында ихсанның – әрбір істі шынайы ықыласпен, көркем түрде және Алланың разылығын көздеп орындау екені түсіндірілді. Адамның жасаған әрбір ісін Алла Тағала көріп тұрғанын сезінуі оның мінез-құлқы мен амалдарын түзетуге себеп болатыны айтылды.

Пайғамбарымыз (Оғана Алланың слауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл хадисінде ихсанды: «Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Егер сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деп түсіндірген. (Бұхари, Муслим)

Имам жамағатты ғибадатта, отбасында, қызметте және адамдармен қарым-қатынаста ихсан қағидасын ұстануға шақырды. Өйткені көркем мінез, шынайы ықылас және өзгелерге жақсылық жасау – ихсанның көрінісі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: