Қордай ауданы бойынша мешіт имамдарының қатысуымен ұйымдастырылған Құран курсының қорытынды емтиханы өтті. Курс барысында имамдарға Құран Кәрімді дұрыс оқу, тәжуид ережелерін меңгеру және қырағат білімдерін жетілдіру бағытында дәрістер жүргізілді.
Қорытынды емтиханда қатысушылардың курс барысында алған білімдері мен практикалық дағдылары сараланды. Осылайша, аудан имамдарына арналған Құран курсы өз мәресіне жетіп, оқу бағдарламасы қорытындыланды.
Курс имамдардың діни білімін жетілдіріп, жамағатқа сапалы қызмет көрсетуіне оң ықпал ететін маңызды білім беру шараларының бірі болды. Алла Тағала барша имамдардың ілімін арттырып, алған білімдерін ел игілігіне жұмсауды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

