Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлының қатысуымен аудан әкімінің орынбасары Ақынғалиұлы Нұрболат пен ҰҚК бөлім басшысы Сабыржанұлы Дулаттың қатысуымен жиналыс өтті.
Жиында аудан көлеміндегі діни ахуал, мешіттерде атқарылып жатқан жұмыстар және жамағат арасында жүргізілетін діни насихат мәселелері талқыланды. Кездесуде мешіттерде қазақ тілінде уағыз-насихат жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Жамағатқа діни ақпаратты түсінікті әрі сауатты жеткізу, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу, жастар арасында дұрыс діни түсінік қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды. Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылып, алдағы міндеттер пысықталды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

