Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы «Жастар және отбасы» тақырыбында жастарға арналған семинар өткізді. Семинарға жаңа шаңырақ көтерген жастар қатысып, отбасылық өмірдің қыр-сырымен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету.
Семинар барысында отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен жауапкершілік жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, жастар өз ойларымен бөлісті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


21 Тамыз 2026
7 Раби-авваль 1448

