Қордай: Аудан имамдарымен жиналыс өтті

Қордай: Аудан имамдарымен жиналыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты мешіт имамдарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиын барысында мешіттердің тыныс-тіршілігі, діни ағарту жұмыстары, жамағатпен байланыс орнату және имамдардың қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, мешіттерде атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, діни сауаттылықты арттыру және жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Бас имам Азамат Берікұлы имамдарға өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, мешіттердің қоғамдық және рухани маңызын арттыруға атсалысу қажеттігін атап өтті. Жиын соңында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуы пысықталып, алдағы жұмыстардың жоспары белгіленді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: