Байзақ ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдары арасында өзара ынтымақты арттыру, рухани сергіту және тәжірибе алмасу мақсатында «Сеңгірбай» демалыс орталығында тағылымды кездесу өтті.
Шара барысында дін қызметкерлері табиғат аясында тынығып, еркін пікір алмасты. Сонымен қатар, мешіт жұмысының өзекті мәселелері, ауыл тұрғындарына діни-ағартушылық бағытта қызмет көрсетудің маңызы және жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнату жайы сөз болды.
Имамдар арасында өткен басқосу өзара тәжірибе алмасып, қызметтегі бірқатар мәселелерді ортақ талқылауға мүмкіндік берді. Рухани тынығумен қатар, спорттық және мәдени бағытта уақытты тиімді өткізуге де көңіл бөлінді.
Осындай мазмұнды кездесулер дін қызметкерлерінің ауызбіршілігін нығайтып, ортақ мақсат жолындағы ынтымағын арттыра түседі. Имамдар ел ішіндегі діни тұрақтылықты сақтауға, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.


22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

