БАЙЗАҚ: «ФӘТУА БЕРУ – ЖАУАПТЫ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

БАЙЗАҚ: «ФӘТУА БЕРУ – ЖАУАПТЫ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имамдардың діни сауалдарға дұрыс әрі сауатты жауап беру жауапкершілігін арттыру мақсатында «Фәтуаның жауапкершілігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды бас имам Қанат Әділханұлы өткізіп, фәтуа беруде білім мен біліктіліктің, сондай-ақ жауапкершілік пен байыптылықтың маңызына тоқталды. Діни сауалдарға жауап беруде мәселенің мән-жайын толық анықтап, Құран мен сүннетке және ханафи мәзһабының қағидаларына сүйену қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, күрделі мәселелер бойынша білікті мамандармен кеңесіп, ортақ діни ұстанымды басшылыққа алу керектігі түсіндірілді. Семинар соңында имамдар өзара пікір алмасып, діни қызмет барысында кездесетін мәселелерді талқылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: