БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ

БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауылдық мешіттерінің имамдары арасында өзара ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында волейболдан спорттық кездесу өтті.

Спорттық шараға ауыл имамдары қатысып, командалық ойын барысында өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушылар белсенділік танытты.

Волейбол ойыны барысында имамдар спортпен шұғылданудың денсаулыққа пайдасын насихаттап қана қоймай, ауызбіршілік пен өзара қолдаудың маңызын көрсетті. Командалық ойын дін қызметкерлерінің бір-бірімен жақынырақ араласып, бауырластық қарым-қатынасты арттыруына мүмкіндік берді.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын мұндай спорттық шаралар имамдардың дене белсенділігін арттырып, қызметтен тыс уақытта сергіп, рухани тынығуына оң ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар спорттық кездесудің маңыздылығын атап өтіп, салауатты өмір салтын ұстанудың және қоғамға үлгі болудың маңызын сөз етті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: